15.01.2021
Тассуат негізгі мектебінің
қысқы демалыс мерзімінде
өткізген іс-шаралар
Жаңа жыл мерекелік іс-шаралардан кейін, оқушылар әдеттегідей қысқы демалысқа кетті. Карантинге байланысты, барлық іс-шаралар онлайн түрде өтетін болды. Сол себептен, қысқы демалыс мерзіміне орай, мектеп бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Сол жоспарға сай барлық іс-шараларды пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері онлайн түрде өткізіп жіберді. Келесі іс-шаралар бойынша демалыс мерзімінің іс-шаралар қорытынды есебі жасалды:
- Қыс мерзімін тамашалау мақсатында «Мәнерлеп тақпақтарды оқу» сайысын 1-9 сыныптарда тіл мамандары, сынып жетекшілері өткізді.
- «Шебер қолдар» шеберханасының сайысын 1-6 сыныптарда сынып жетекшілері өткізді. Оқушылар көптеген түрлі өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынды. Жан-жақты өнерлері сыныптастары, мұғалімдері, ата-аналары тамашалап, бірдей қолдап мақтады. Бұнда тек суреттері ғана емес, түрлі-түсті қағаздардан аппликация түрінде неше түрлі заттар жасалды. Одан басқа, қолөнерлері поделка түрінде болды, олар қағаз, вата, картон, пластик, пластилин, матажәне басқа да мата түрінен жасалған. Шеберхананың жұмысы сайыс түрінде өте қызықты өтті.
- Мұз айдынында жылы күні 7-9 сынып оқушылары дене шынықтыру мұғаліммен бірге коньки теуіп жүрді. Бетперде міндетті түрде болды.
- «Ертегілер еліне саяхат» атты отбасылық оқырмандар байқауын 1-4 сыныптарда сынып жетекшілері өткізді. Оқушылар ата-аналарымен бірге «Ертегілер еліне саяхат» жасап келді.Отбасындағы: әке-анасымен, аға-іңілерімен, апалы-сіңлі, ата-әжесімен бірге бала қазақ ертегілерінен ұнаған ертегісін оқып көпшіліктің назарына ұсынды.
- Қыс мезгілін тамашалау мақсатында «Суреттер байқауын» сынып жетекшілері 1-6 сыныптарда өткізді. Оқушылар қыс туралы керемет суреттерін түрлі-түсті бояулармен бояп, тілек жазып, көрмеге жіберді.
- Қыс мерзімін тамашалау мақсатында «Әндер мен өлеңдер» байқауын 1-9 сыныптарда музыка пәнінің мұғалімі,сынып жетекшілері өткізді.
- «Көңілді эстафета» сайысын 1-4 сыныптарда онлайн түрде дене шынықтыру мұғалімі өткізді. Оқушыларға жеңіл түрде спорттық тақырыпта тапсырмалар берілді, жаттығулар, гимнастикалық тапсырмалар. Оқушылар спорттық тапсырмаларды орындап, дене шынықтыру мұғаліміне онлайн түрде жолдап,бәрі жақсы бағаланды.
- Кітап көрмесін: «Қыс қызығы» 1-9 сыныптарда кітапханашы өткізді. Кітапханада қыс мезгіліне арналған бұрышы жасалды. Қыс туралы балаларға, кішкентай оқырмандарға, үлкен сыныптардағы оқушыларға арналған оқулықтар, әдеби шығармалар,ертегілер, кітаптар ұсынылды.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының байқауы. Қорытынды іс-шара онлайн түрде 1-9 сынып оқушыларға арналып өтті. Қыс мерзімінде жасалған оқушылардың шығармашылық жұмыстарын онлайн түрде мұғалімдерге, ата-аналарға ұсынылды.