ЭССЕ
«Отаным –Тағдырым»
Отаным –Қазақстан туған елім,
Ойнап ,күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер,өркендей бер,Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
Мен туған және өскен жері
біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын,
өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
«Отаным» деген жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың
а заттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге,
көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.
Мен қазақпын!!! Мен Қазақстанда дүниеге келдім, және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден еш
нәрседен тайынбаған ел, ешкімге мойынсынбаған ел. Кең – байтақ туған еліміздің әр өңірінде өсіп тұрған жусан да, аяқ астында жатқан тасың да, сонау көзіне
мұнартып көрінген төбе де, сылдыр қағып ағып жатқан бұлақта да айтылмаған сыр,
ашылмаған көмбе де көп.Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы
жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да
тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. Отбасының өнегесі –Отан өнегесі
демекші, Отан деген – сенің туып
өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани
деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға
деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Туған жердей жер
болмас,туған елдей ел болмас дегендей
қазақ жері көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ
жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 17 млн-ға жуық халық тұрады.
Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150 -ге
жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі
саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен
кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар
қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси
тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да,
орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда
менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын.
Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол
қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы
өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын
қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы
мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті
сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің
маңызды талабы.
Бұл нәтижеге
жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен
ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, менің
туған жерім Қазақстан, бүгінде Қазақстан кеңестік елдер арасындағы ең алдыңғы
қатардағы ел болып табылады. Әлем, біздің Республикамызды Азия аймағындағы
көшбасшы, сенімді серіктес ретінде қарайды. Көптеген мемлекеттер осы уақытқа
дейін ішкі тұрақтылықты сақтай алмауда. Осыдан аз уақыт бұрын ғана Грузияда,
Украинада, Қырғыстанда түрлі-түсті төңкерістер орын алды, олар өздерінің
тәуелсіздік алған күндерінен бастап ішкі саяси тұрақтылыққа жете
алмағандарынан. Өз егемендігін бір уақытта бірге алған мемлекеттер арасында
біздің ел ерекше де өзгеше. Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе
жатқан мемлекет, соның нәтежиесінде елдің, халықтың өмір деңгейі жоғары
қарқынмен жақсарып келеді.
Осы жолды аңсап
еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай
мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар
Бүгінгі Қазақстан
Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен
ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние
жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына,
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық
қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және
осы жолда атқарылып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Келешекте Қазақстан
мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.
Мен өз Отанымды, туған жерімді,
құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп
ойлаймын.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең
деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-бабаларымыз
елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған.
Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ
нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан — біз үшін оттан да ыстық.
Бащегулова О.Д.
– Тассуат негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі