Тассуат негізгі мектебі
Қазақстан Республикасы Тілдер күніне арналған
« Үш тұғырлы тіл- заман талабы » онкүндік ақпараты
Тассуат негізгі мектебінде қыркүйектің 11-22 аралығында
тіл мерекесіне арналған онкүндік өтілді. Онкүндік жоспары дүйсенбі күні
лездемеде оқушыларға таныстырылды. Дүйсенбі күні «Тіл татулық тірегі»
тақырыбында ашық тәрбие сағаттары
өтілді. Мектеп кітапханашысы Иманхан Б. «Қазақ тілі тірегіміз, соғып тұрған
жүрегіміз» тақырыбында көрме ұйымдастырып, оқушыларға таныстырды. Тіл туралы
көптеген ақпараттар берді. Тіл мерекесіне арналған «Қызықты грамматика» атты үш
тілде қабырға газеті шығарылды. Орыс
тілі мамандары Кенжебаева М.К. мен Мұқанғалиева Р.Б. бастауыш сыныптар арасында «Маленькие знатоки
языков» атты ойын са йысын өткізді.
Мектеп кітапханашысы Иманхан Б. және бастауыш сынып мұғалімдері бірігіп, «Тіл
әр халықтың байлығы » атты дөңгелек үстел өткізді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспанов А.З. «Әлем
ұлттарының ойындары» деген тақырыпта спорттық жарыс ұйымдастырды. Оқушылар
спорттық ойынға белсенді қатынасты.
«Үш тұғырлы тіл жарқын болашақ кепілі» тақырыбында сыныптар арасында интеллектуалдық ойын
өткізілді. Ойынды Кенжебаева М.К. және Мұқанғалиева Р.Б. үш тілде жүргізді. 1-8 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы
өтілді. Сайысқа оқушылар белсенді қатынасты. Елеш Аида мен Тасмағанбетов Әлішер
өте шебер орындады. Қазақ тілі мамандары
Мусина Ш.Е. мен Жумабаева С.С. «Бақытты сәт» ойынын өткізді. Ойында
оқушылар қызықты сұрақтарға мақалмен жауап беріп, жұмбақтар шешті. Берілген
сөздерге шығармашылық жұмыс жасады. Өз ойларын еркін жеткізді. Ағылшын тілі мұғалімдері Утеулиева А.О. мен
Тастемирова Г.С. «Let s speak English» тақырыбында сұрақ жауап өткізді. «Тіл тіршілік
бастауы» тақырыбында шығарма сайысы жарияланды. Байқауға әр сыныптан екі тілде
жазылған шығармалар ұсынылды. «Үздік шығарма» деп 8 сынып оқушысы Елеш Аиданың шығармасы бағаланды.