"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқорлық кеңесінің отырысының Хаттамасы

12.03.2021

Қамқорлық кеңесінің отырысының

Хаттамасы

 

10  наурыз 2021 жыл                                                           Тассуат ауылы                         

Қатысқандар:

                                                         Күн тәртібінде:

 

  1. Мектептепшілік қамқорлық  кеңесі туралы
  2. «Қамқорлық» акциясын өткізу.
  3. Материалдық көмекке мұқтаж балаларды   аңықтау, зерттеу. 

 Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі  төмен  отбасылардан шыққан білім алушыларға  материалдық көмек көрсету.

  1. «Мектепке жол» акциясы барысында  қаражатты жұмсау бойынша бақылау жүргізу.
  2. Оқушыларды қосымша біліммен қамтумен қадағалау.

 

Тындалды:

 

                1.Мектеп директоры Жумабаева С.С. қамқорлық кеңесінің мүшелерінің  алдында  сөз кезегін алды. Сайрангуль Серикқызы қамқорлық кеңесінің жұмысы  туралы қысқаша ақпарат пен мәлімет берді.Қамқорлық кеңестің мүшелері: Аубакиров Б.Ш., Байбосинова А.И., Байбосинова Д.А., Оспанова С.К, Бекова Д.А.,Абдыгалиева Ш.К. өз жұмыстарын адал атқарады, алдағы уақытта өз көмектерін  барлық мұқтаж адамдарға  көрсетуге дайын. Қамқорлық кеңесінің төрайымы Байбосинова А.И.-ата-ана ретінде, жеке кәсіпкер ретінде  мектепке барынша көмектеседі. Қамқорлық кеңесінің басқа мүшелері де белсенділік танытып, ата-аналар ретінде балаларға көмектеседі.Осы кеңестің ең үлкені Сара апай болғандықтан, барлығы сол кісінің ақыл-кеңестеріне  назар аударады. Ол апай өз үлкендігін көрсетіп, ауыл тұрғындарына, жастарға , оқушыларға, мұғалімдерге жақсы үлгі көрсетуге тырысады. Кеңестің мүшесі ғана емес, Жаныспаева С.Ж.  ауыл зейнеткерлер ұйымының төрайымы.,  «Әжелер» ансамблінің жетекшісі, домбырада кереммет ойнап ән салады, спорттық жарыстарға қатысады, шахмат және шашки турнирлерінің женімпазы, айтыскер. Мектепшілік  барлық іс- шараларға  өзі ғана қатыспай, басқа да зейнеткерлер мен ауыл тұрғындарын қатысуға тартып белсенділік танытады. Кеңестің басқа мүшелері да барлық мектепшілік іс- шараларға қатысып қалыспайды.

2. Жыл бойы өтіп жатқан «|Қайырымдылық» пен «Қамқорлық акцияларына қатысады, барлық мұқтаждарға жан-жақты көмектерін аямай,бар жағдайларын жасайды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Байбосинова А.И., сөз кезегін алды. Оның айтуынша, «Қамқорлық» акциясы  біздің бақылауымен өтеді. Барлық жасалған көмектер, кімге жасалған, көмек иесі, көмектің көлемі-барлық біздің назарымыздан көрінбей кетпейді.  Көмек жасаған адамдардан қалыспай, біз-қамқоршылық кеңесі өз көмектерімізді дұрыс жасап, барынша мұқтаж адамдарға жан-жақты көмектерімізді көрсетіп, олардың  үміттерін зая кетірмей, бар күштерімізді  салып ақтауымыз керек. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, төрайымының айтқанымен бірдей келісті. Барша көмектерін аямауға, жағдайларын жасауға, барлық мұқтаж жандарға қолдан келетін көмекті көрсетуге дайын.

3. Үшінші  сұрақ бойынша, қамқорлық кеңесінің мүшелерінің  міндеттерінің бірі-материалдық көмекке мұқтаж балаларды  аңықтау, зерттеу. «Ешқашанда, еш бір бала қараусыз  жалғыз қалмау керек. Балаға жан-жақты көмекті көрсететін ата-аналар, туыстары, жақындары, барлық жанашыр адамдар, біздің балаларымызға көмектесулері керек. Ол біздің  үлкендердің, ересектердің,барша еліміздің міндеті.-деді кеңестің мүшесі Жаныспаева С.Ж.  кеңестің басқа мүшелері, айтқанымен толығымен келісті.  Себебі, қазіргі уақытта, көп жанұяларда әке-шешелері жұмыссыз  қалғандары  жеткілікті. Сондай, жағдайлары төмен отбасыдан және көпбалалы обсынан шыққан балаларға  міндетті түрде көмек жасау керек. Керек киімдерін, оқу құралдарын, керек-жарақтарын  жаңа оқу жылы басталғанда ғана емс, жыл бойы алып беруге көмектесу керек екенін айтты.Жалпы біліммен қамту /всеобучтан/ өтетін балаларға ауданнан көмек келеді жаңа оқу жылы басында. Балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. Бірақ, ол көмекке жүгінбей, өзіміз де көмектесуге қимыл жасауымыз керек. Бізде аз қамтылған отбасылар жоқ, тек қана көпбалалы  отбасылары бар. Сол отбасыларында мектепте оқийтын балаларға оқуға керек  киімдерін, заттарын, құралдарын алып беруге көмектесу керек.

Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан  білім алушыларға материалдық көмек көрсету-қамқорлық кеңесінің  бақылауымен өтеді. Барлық жасалған көмектер, кімге жасалған, көмек иесі, көмектің көлемі-барлық біздің назарымыздан көрінбей кетпейді.  Көмек жасаған адамдардан қалыспай, біз-қамқоршылық кеңесі өз көмектерімізді дұрыс жасап, барынша мұқтаж адамдарға жан-жақты көмектерімізді көрсетіп, олардың  үміттерін зая кетірмей, бар күштерімізді  салып ақтауымыз керек. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, төрайымының айтқанымен бірдей келісті.Алдағы уақытта мұқтаждарға көмек жасаймыз, жағжайларын анықтап , бақылап жүреміз. Өзіміз де, спонсорлар да оқу жылы басында, қыс, көктем мезгілінде  киімдерін, заттарын, құралдарын толығымен алып беруге барынша тырысамыз.   

4.«Мектепке жол» акциясы барысында қаражатты жұмсау бойынша бақылау жүргізу-қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің міндеттерінің бірі.Барлық жұмсалған қаражаттары қағаз жүзінде жазылып, көрсетіледі.қамқоршылық кеңесі барлық берілген материалдық көмектерді бақылап отырады. «Мектеп жол» акциясынан балаларға көмек бірдей жасалады, керек оқу құралдары, басқасы да беріледі. Себебі, қазіргі уақытта, көп жанұяларда әке-шешелері жұмыссыз  қалғандары  жеткілікті. Сондай, жағдайлары төмен отбасыдан және көпбалалы обсынан шыққан балаларға  міндетті түрде көмек жасау керек. Керек киімдерін, оқу құралдарын, керек-жарақтарын  жаңа оқу жылы басталғанда ғана емс, жыл бойы алып беруге көмектесу керек екенін айтты.Жалпы біліммен қамту /всеобучтан/ өтетін балаларға ауданнан көмек келеді жаңа оқу жылы басында. Оларға мектеп формасы және оқу құралдары берілді.Бірақ, ол көмекке жүгінбей, өзіміз де көмектесуге қимыл жасауымыз керек, спонсорлық көмек жасауға талпынғаны дүрыс.

5. Оқушыларды қосымша біліммен қамтумен қадағалау.

Осы сұрақ бойынша, мектеп директоры  сөз кезегін алды. Оның  айтуынша, оқушылардың қосымша біліммен қамтуы жақсы жоспарланып, жүзеге асырылып жатыр.Оқушыларға сабаққа қосымша факультатив, пәндік кружоктар, қызығушылық  бойынша кружоктар және де спорттық секциялар жүріп жатыр. Олардың барлығы  кесте бойынша  жұмыстарын атқарып жатыр.Жылдық жоспарлары мен сабақтық тақырыптары бар. Пәндік мұғалімдер кружок пен секцияларда көптеген ақпарат пен мәліметтер береді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері,мектептегі қосымша білім қамту жұмысымен   келісті.

 

Қабылданған шешім:

  1. Мектепшілік қамқорлық кеңесінің жұмысы әрі қарай жалғаса берсін.
  2. «Қамқорлық және қайырымдылық» акциялары жыл бойы жалғасады.3.
  3. Материалдық көмекке мұқтаж балаларды   аңықтау, зерттеу керек.

 Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі  төмен  отбасылардан шыққан білім алушыларға  материалдық көмек көрсету жұмыстары  жыл бойы жасала берсін.

4. «Мектепке жол» акциясы барысында  қаражатты жұмсау бойынша бақылау жүргізу.

  1. Оқушыларды қосымша біліммен қамтумен  үнемі бақылауда үстау, қадағалау.

Қамқорлық кеңесінің  мүшелері өз міндеттерін жыл бойы  жұмыс жоспары бойынша әрі қарай жалғастыра берсін. Көмекке мұқтаж адамдарға  барынша көмектерін жасасын.

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст