"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізілген жұмыстарының есебі

29.04.2021

Тассуат негізгі мектебінің 

Санитарлық  тазалау, абаттандыру және көгалдандыру  бойынша жүргізілген жұмыстарының есебі

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасын жүзеге асыру аясында  және сәуір айынан  басталған «Сақтаймыз және көбейтеміз!» атты  «жасыл» науқанының  аясында, мектепте көптеген  түрлі жұмыстар жасалды. Науқан оқушыларды ормандарды сақтауға, қалпына келтіру және көбейту, қалалар, аудандар және ауылдарды көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру / көшеттерді, гүлзарларды орналастыру, абаттандыру, жылыжайлар/ ісіне тарту мақсатында өткізіледі. Жылда көктем мезгілі басталысымен, мектеп бойынша санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары өтіп жатады.Бұл жұмыстарға барлық оқушылар қатысады: 1-9 сыныптар түгелімен. Мектеп ішін ғана емес, сыртын, жан-жағын  және манайын  тазалайды. Мектептің алдыңғы алаңы және бақшасы, аумақтарға  бөлінеді.Әр сынып өз аумағына ие болады, әр сынып сол аумаққа  бекітіледі. Бастауыш сыныптар мектептің алдын және манайын жинайды; 5-6 сыныптар екі кіші аумақты тазалайды; 7-8-9 сыныптар екі үлкен аумаққа ие болды, соларды қоқыстан босатып, оларды жөнге келтірді.Оқушылармен бірге  сынып жетекшілері де тазалау жұмыстарына қатысып, олардың жасаған жұмыстарын қадағалап, фотосуретке түсіреді. Мектептің 48 оқушысы  және 1-9сыныптарының сынып жетекшілері, тәрбие ісінің меңгерушісі, барлығы да қатысты.Біздің мектепте жылда 22 сәуірде  дәстүрге айналып кеткен «Субботник»- «Сенбілік» өтеді. Ол дәстүр  совет үкіметі заманынан бері келе жатқан жақсы дәстүр. Себебі, барлығымыз жылда осы күнді күтіп, барша мектеп бірдей «Сенбілікке» шығамыз.Оны үстінде, биыл 22 сәуір бейсенбі күніне келіп тұр, ал бейсенбі күні, бізде мектепте өтетін «Чистый Четверг»- Таза Бейсенбі». Ол күні, мектеп іші, барлық сыныптар, бірінші және екінші қабаттары, барша бөлмелері түгелімен  жуылып тазаланады. Сонымен, біз бір күнде бәрін қосып: «Сенбілік», «Таза бейсенбі» және «Жасыл науқанның» басталған күндерінің бірін қосып, барлығын біріктіріп, санатарлық тазалау, аббатандыру және көгалдандыру жұмыстарын өткіздік.Оқушылар қоқысты жинап қана емес, жанадан ағаштар  отырғызды, былтырғы ағаштарды ақтап, бұтақтарын жөнге келтірді. Мектеп алдындағы бақшасын  дұрыстады, гүлдерді отырғызатын орындарды дайындап қойды. «Жасыл науқаны» бойынша, сәуір айында ағаштар отырғызу керек екен. Біз науқанды бастап, ағаш отырғыздық, тағы да кейін отырғызамыз.Мектеп алдында жидек ағаштары ,ақ қайын ағаштары, тағы да басқа ағаштары өседі. Бақшада гүлзарлардың /цветочный клумба/ орындары жасалып, боялып, дайындалған. Мамыр айында, жылда, биология пәнінің  мұғалімімен бірге оқушылар  гүлдерді отырғызып, оларды жаз бойы суарады. Мамыр айынан бастап, 1-9 сыныптар жылдағыдай әр топқа бөлінеді. Бастауыш сыныптар мектеп жанындағы жазғы лагерьге  ауысым бойынша  бөлінеді, ал ортаншы және үлкен сыныптар жазғы практикадан өтеді.Оқушылар бақшаға жеміс-жидек отырғызып, сынып жетекшілерімен  бірге оларды суарып, жаз бойы мектеп бақшасына ие болады. «Жасыл науқан» акциясы әрі қарай жалғасады.

 

Просмотров: 200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст