20.01.2022 жылы Тассуат НОМ, жоғары сынып қыздардың қатысуымен әңгіме-сабағы өтті. Тақырыбы: "Жыныстық тәрбие мен тиіспеушілік жоғары сынып оқушылар арасында". Бұл әңгіме-сабақ барысында, оқушылардың назарына тақырыптық слайдтар, брошюралар, суреттер, плакаттар ұсынылды. Оқушы-қыздардың алдында тақырыптық ақпарат пен мәліметтермен бөліскен, сөз кезектерін алғандар: мектеп медбикесі Байкенова А.К., сынып жетекшілер Рашева Г.Н., Кульмуратова У.О. және тәрбие ісінің меңгерушісі Жаманова Б.М.. "Жыныстық тәрбие мен тиіспеушілік жоғары сынып оқушылар арасында" тақырып барысында: денсаулыққа көп назар аударылғанын жөн екенін, жеке гигиена туралы, бойжеткендердің достығы туралы, қыз баланың өз жасына сай емес жүктілігі туралы, әркімнің өз ұстамдылығы туралы, көпшілік жерде мәдениетті болғанын жөн екенін, этика және эстетика ережелерін дұрвс сақтауы туралы және тағы басқа да мәселелер талқыланды. Оқушылар көптеген сұрақтар қойды және әңгіме-сабағына белсенділік танытып, барынша қатысты