Текст
Биылғы жазда, жазғы демалыс лагері және еңбек практикасы ойдағыдай жоспар бойынша рет ретімен өтті. "Қарлығаш" мектеп жанындағы жазғы балалар алаңында екі бастауыш сынып мұғалімдері: Бримжанова Алмагуль Айтказиевна және Бащегулова Орынгуль Досмаганбетовна оқушылармен екі ауысым бойы жұмыс атқарды. Одан басқа, мектеп жанындағы бақшада жаз бойы еңбек практикасын ортаңғы және жоғары сынып оқушылары атқарды. Мектеп бақшасын суарып, арам шөбін жұлып, мектеп маңайын жөнге келтіруге барынша күш салды. Оқушылармен бірге сынып жетекшілер және пән мұғалімдер жаз бойы мектеп бақшасында еңбек практикасын жүргізді. Жазда жазғы лагерьге және еңбек практикасына барлығы қатысты.