Тассуат негізгі мектебінің
Еріктілер тобы жасаған жұмысының есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылы 26 тамыздағы № 135 жарлығымен 2020 жыл Волонтерлер жылы болып жарияланды. Жарлықты іске асыру аясында өңірлік Достық үйлерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары ашылды. Орталықтар қызметінің бірыңғай форматын ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы 4 бағыт бойынша тиісті Тұжырымдама әзірленді: әлеуметтік, білім беру, спорт және медиация. Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қаңтарда волонтерлік қызметтің Тұжырымдамасының таныстырылымы, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіре отырып, Орталықтардың бірыңғай Ашық есік күнін өткізіді сұраймыз. Сонымен қатар, волонтерлер жылы аясында өткізілетін іс – шаралар Ассамблеяның 25 жылдығымен идеялық ұштастырылуы және қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталуы тиіс екенін ескеру қажет. Осыған байланысты, 17 қаңтар күні, мектеп бойынша барлық сыныптарда көптеген іс – шаралар өтті. 1 – 9 сыныптарда сынып сағаттары жүргізілді, 5 – 9 сыныптарда дөңгелек үстелдер және әңгімелер өтті. Сонымен қатар, оқушыларға Волонтерлік не екенің, қалай ол ұйымға кіруге болатының және қандай жұмыспен айналысатының түсіндірілді. Мектеп бойынша, өзіміздің еріктілер тобы құрылды, оның қатарына 8 – 9 оқушылары сынып жетекшілерімен бірге кірді. Сынып жетекшілерінің басқаруымен, оқушылар көптеген жұмыстарды атқарады№ Еріктілер тобын волонтерлік қызметтің Тұжырымдамасымен таныстырды, мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Бүгінгі танда волонтерлік қозғалыс азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің элементі болып табылады. Волонтердің жеке мүмкіндіктеріне қарай, оның жұмыс кестесі еркін. Оқушылар Тұжырымдамасының барлық ережелерімен танысты және еріктілер тобының жұмыс кестесін қолдады, себебі сабаққа ешқандай кедергі жасамайды. Еріктілер тобы өз жұмыстарын сол күннен бастады. Ауылдағы үлкен кісілердің және зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалады. Биылғы қыс боранды, сол себептен ауылда қар көп, жұмыс жеткілікті. Еріктілер тобы, көмекке мұқтаж кісілердің үйлерінің манайларын қардан тазартты. Зейнеткерлер ризашылықтарын білдіртіп жатыр, алғыстары шексіз. Одан басқа да көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр, оның ішінде ортанғы сыныптардың оқушылырының төменгі сынып оқушыларына деген көмек көрсетуі. Бұрынғы вожатыйдың жасаған жұмысы. Ортанғы сыныптардың волонтерлық жұмыстары осындай: бастауыш сыныптарға оқу жағынан, іс – шараларға дайындық жасау жағынан көмек көрсетеді, бос уақыт мезгілінде түрлі ойындарды ұйымдастырып жатады. Осындай еріктілік жұмыстарымыз (волонтерство) әрі қарай жалғасып кете береді, себебі еріктілер тобы сабақтан бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізгісі келеді, мағыналы нәрселермен айналысып, өз еліне көмектерін аямай, көмекке мұқтаж кісілерге барынша көмектесу – нағыз еріктілік.