Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте қалады!
Әр халықтың өзіндік тарихы бар. Тарих халықтың өткені мен кеткенін келер ұрпаққа жеткізеді. Өз халқының тілі мен тарихын білмейтін ұрпақ болмайды. Тарихтың берер тағылымы мол. Қазақ халқының тарихына көз тастар болсақ, көптеген қилы замандармен танысамыз. Әріге бар май ХХ ғасырға тоқталсақ та болады.
Ұлт азаттық көтерілістер, іқ жылдардағы ашаршылық, репрессия одан бері Ұлы Отан соғысы халқымыздың қасіретті тарихын жасады. Бабаларының басынан өткен қасіреттерді бүгінгі ұрпақтары еш уақытта ұмытпайды. Әсіресе Ұлы Отан соғысы тарихымыздың өшпес бедері деуге болады.
Ресей Монголияға көмектесіп Жапонияны жеңіп келгенде, Германия елі соғыс жарияламай бірден шабул жасады. Ал сол кезде Монголиядан Ресей әскери күшін жедел жеткізе алмаған еді. Ол 1941 жыл еді. Соғыс өрті қазақ халқын да шарпып өтті. Ұлы Отан соғысы қазақ халқының әр отбасына өзінің қайғылы қасіретін алып келді. Тарих деректеріне сүйінсек, 1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам әскерге шақырылды. Олардың үштен бірі майданнан және соғыста алған жарақаттан қайтыс болды. Қазақстандықтар Москва үшін, Ленинград үшін, Сталинград үшін жаумен шайқасты. 500 -ден астам жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды. Талғат Бегилдинов мұндай атақты екі рет алды. Соғысқа тек қана қазақ азаматтары ғана қатысқан жоқ. Сонымен қатар қазақ қыздары да болашақтың тыныштығы үшін күресті. Оның бірден-бір дәлелі 1941-1945 жылдары соғысқа атанған 950 әйелдер мен қыздар және Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова апаларымыздың ерен ерліктері.
Сонымен қатар Қазақстан майданды азық-түлікпен, өнеркәсіптік шикізатпен, оқ-дәрімен қамтамасыз ететін негізгі базаның бірі болды.
Барлық жұмыс «Майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен жүрді.
Жеңісті тек майданға қатысқандар әкелген жоқ. Ауылда қалған үлкен –кіші бәрі де қан майданда қару үстап соғыспағанымен, ұлы жеңіске олардың да қосқан үлестері мол. Міне, осындай қиыншылықтарды басынан өткізіп, өздері аңсаған жеңіске бірлесе жұмыс істеу арқылы жетті. Қанды қырғынның батпандай жүгі қазақ елінің арқасына жүк болып басқалардан ерекше артылды.
Жарты әлемге қасірет әкелген 1941-1945 жылдардағы соғыстың үні өшкеніне биыл аттай 60 жыл. Талай жастың қыршынынан қиған, талай шаңырақтың отын өшірген бұл соғыстағы жеңіс қазақ елі үшін қастерлі. Ұлы Отан соғысы барлық елді дүр сілкіндірген болатын. Жеңіс те, барлық әлемге қуаныш әкелді. Жеңіс жолында жас өмірлерін құрбан еткен батырларды ұмыту мүмкін емес. Олалдың ерліктері біз үшін тарих бетіндегі өшпес іздердің ең әсерлі болып көрінеді. Тарихты халық жасайды, халықты тарих танытады деген осы болар деп түсінемін. Жер бетінде енді соғыс болмасын, халқымыз еш қиындық көрмей бейбіт өмір сүрсе екен деп әр қазақтың баласы тілері анық. Мен де осыны тілер едім.
Ақмола облысы
Жарқайын ауданы
«Тассуат негізгі мектебі» КММ
Шығарма:
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
ол күндер мәңгі есте қалады!»
Дайындаған: Серік Даниал