"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала Гүлмира Нағашыбайқызы

18.08.2020

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет.

 

 

 

 

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – Тассуат негізгі мектебінің биология пәнінің мұғалімі Рашева Гүлмира Нағашыбайқызымен мұғалімдік еңбек жолымды бастағанда  бір арнада тоғысқан болатынбыз. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демей ме, бүгін әріптесім туралы айтқым келеді.

Гүлмира Нағашыбайқызы – ұстаздық жолда 26 жылдай еңбек етіп келеді. Бақытым-мамандығым, байлығым – балаларым, бала тәрбиесі деп білген, ойы биік, сөзі де, ісі де ірі, жаны мен қолы бірдей таза, кішілік пен кісіліктен жаралған.  Ол – Торғай елінің тумасы. Мұғалім болу арманы, тұлымы желкілдеген жас қызды мектеп бітірісімен Арқалықтағы Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына әкеледі. Институттың биология-химия факультетін бітіріп жоғары білімді жас маман ұстаздық еңбек жолын өзінің туған жерінде бастайды. "Жас келсе – іске" дегендей, аз ғана уақытта жас маман  аталмыш мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, оған өз талпынысын  қосып, ұжым ортасында беделді бола білді. Кейін Жарқайың ауданы Тассуат орта мектебінде  ұстаздық қызметті абыроймен   жалғастырады. Мұғалімнің  қарапайымдылығы мен  ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны  ерекшелендіреді.  Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен  қызметіне деген адалдығы   жас мамандар үшін үлгі боларлық.  Жұмыс бабында ешқашан заман ағымынан қалған емес. Білім саласындағы жаңалықтардың  алдында жүреді, үнемі білімін жетілдіріп отырады. 2014 жылы ІІІ деңгейлік курстан, 2018 жылы үштілділік бойынша білімін жетілдірді.  Шыңдалған шығармашылық жұмысын оқушы бойына сіңіруге ешқашан ерінген емес. Оны оқушыларының жетістіктерінен көруге болады:

  • 2015-2016 оқу жылында 8 сынып оқушысы Жумабаев А Республикалық қашықтық олимпиадасына қатынасып сертификат алды.
  • 2015-2016 оқу жылы «Йод тапшылығы » атты  аудандық ғылыми жұмысын қорғап 3 орынға  8 сынып  Жумабаев Аслан ие болды . 
  • 2016-2017 оқу жылыда  жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаға қатынасып  биология пәнінен 2 орынға 9 сынып оқушысы Жумабаев Аслан ие болды.
  • 2016-2017 оқу жылында  «Ең үздік ғылыми жоба » номинациясы бойынша «Йод тапшылығы »тақырыбындағы шығармасымен қатынасқаны үшін  алғыс хатын   алды.
  • 2016-2017 оқу жылында  «Ең үздік ғылыми жоба » номинациясы бойынша «Салауатты  өмір салтын қолдаймыз » тақырыбындағы шығармасымен қатынасқаным үшін  алғыс хатқа ие болдым.
  • 2016-2017 оқу жылында  « Ең үздік пікір жазба »  республикалық конкурсына қатынасып 9 сынып оқушысы Жумабаев Аслан  қатынасып  сертификатқа ие болды.
  • 2016-2017 оқу жылында Республикалық www.45 minut.kz басылымынң ақпараттық  порталында  ұйымдастырылған шығармашылық конкурста жүлделі орынға ие болған  9 сынып оқушысы Жумабаев Аслан І дәрежелі дипломмен марапатталды .
  • 2017-2018 оқу жылында Республикалық  қашықтық «Ата анам берген тәрбие » байқауы Елеш А. 8 сынып  оқушысы ІІІ орынға ие болды.
  • 2017-2018 оқу жылында Республикалық қашықтық «Үздік сабақ жоспары» байқауына  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2018-2019  оқу жылында аудандық пән олимпиадасында   9сынып оқушысы Елеш Аида І орынға ие болды.

  Оқушы бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу – мұғалім қызметінің тағлымды өлшемі, ізденіс нәтижесі. Өйткені, қай мұғалім болсын оқушының жан дүниесін, психологиялық ерекшеліктерін терең зерделеу үстінде оқыту процесінің диалектикалық сипатын салауатпен саралауға, сөйтіп парасатты педагогика практикасын меңгеруге қол жеткізеді. Ұстаздық дарын үздіксіз ізденіс көрігінде шындалса ғана, мәуелі табыс тезірек тұлғалан бақ, оқушы санасында мұғалім қалдырған із ұзақ сақталмақ. Биология  пәні бойынша оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, олимпиада жеңімпаздарын дайындауды тоқтатып көрген емес. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деп айтқандай, Гүлмира Нағашыбайқызының  оқушыларының жетістіктеріне қарап қуанары анық.

Гүлмира Нағашыбайқызы білікті мұғалім, сонымен бірге  жолдасы Темірхан Елешұлы екеуі үш бүлдіршін тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының ардақты анасы. Балалары мектебіміздің  дарынды, белсенді оқушылардың бірі.  Өз балалары мен оқушыларына білім мен тәрбиені  бірге берген мектебіміздің  шығармашыл мұғалімдерінің бірі Гүлмира Нағашыбайқызының еңбегі жанып, тек биіктерден көріне беріңіз деп тілейміз.

Тассуат негізгі мектебінің ұжымы

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст