"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тассуат негізгі мектебінің 2020-2021 оқу жылында «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін онлайн өткізу бойынша іс – шаралар туралы мәлімет

26.09.2020

Тассуат негізгі мектебінің 2020-2021 оқу жылында «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін онлайн өткізу бойынша

іс – шаралар туралы мәлімет

 

     Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл ұлттың жаны, тіл-ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.                Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

     Тассуат негізгі мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қыркүйектің 4 –і күні «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өтетін онкүндіктің салтанатты ашылуына арналған бейнебаян түсірілді.

7 қыркүйек күні «Тіл –ұлт қазынасы» атты кітап көрмесін мектебіміздің кітапханашысы Иманхан Базаркүл ұйымдастыра отырып тіл мерекесімен құттықтап өтті.

5-9сыныптар арсында тіл мамандары «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты тақырыпта 9- қыркүйек күні өлеңді жатқа оқуда оқушылар өз шеберліктерін көрсете білді жәнеде видеоролик түсірді.

9- қыркүйек күні орыс тілі пәнінің мұғалімдері  Мукангалиева Р.Б. және Кенжебаева М. 5-9 сыныптар арасында «Уважение родного языка и язык других народов – долг каждого гражданина»  атты эссе жазу сайысын өткізді.

Сонымен қатар 5-9 сыныптар арасында «Атадан қалған асыл сөз» атты онлайн форматта мақал – мәтелдер сайысы ұйымдастырылып және Рашева Г.Н. 6 сыныппен Абайдың 175 жылдығына арналған сынып сағатын өткізді.

10 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мектеп тіл мамандары оқушылар арасында өлеңдер байқауын өткізілді.

«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...»атты көркемсөз байқауында  7 сынып оқушысы Калабаев Бекарыс өз шеберлігін көрсете білді.

Осы күні, яғни 10 қыркүйекте қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мусина Ш.Е.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Ахмет- сөз көсемі» атты тақырыппен 9 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді, оқушылар сабаққа белсене қатынасып отырды.

«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тақырыпта «Ең үздік мақала» атты байқауға қазақ тілі пінінің мұғалімі Утеулиева А.О. қатынасты.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жумабаева С.С. 7 сынып оқушыларымен  Әбу-Насыр-Әл-фарабидің 1150 жылдығына арналған ашық сабақ өткізді.

14 қыркүйек  «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» 1-4 сыныптар арасында сурет сайысы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары сайысқа белсене ат салысты.

Іс – шараларға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Жоғарыда аталған іс – шаралар әлеуметтік Instagram және Facebook желілеріне жарияланды және мектеп сайтына салынды.

 

 

 

Ә.Б.жетекшісі:       Жарылгасова Л.Т.

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст