"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.09.2017

«Ең жақсы ұғалім»

Мұғалім –зор тұлға , ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

 К. Д. Ушинский

Мен Ахат Сабина Амантайқызы Ақмола облысы, Жарқайың ауданында "Тассуат негізгі мектебінің 4 сынып оқушысымын. Апайым Бащегулова Орынкульдің  30 жылдық еңбек өтілімі бар. Апайымыз бізге 4 жылдан бері білім-тәрбие беріп келе жатқан нағыз ұстаз. Ең алғаш қолымызға қалам ұстатқан ұстазымызды қатты құрметтейміз және сыйлаймыз. Бізді оқуға, жазуға және есеп шығаруға, ойымызды ашық, еркін

айтуды үйретті. Сабақты да түрлендіріп отырады. Сабаққа дайындалмай келетін бала бізде болмайды. Апайымыз біздің білімімізге, тәртібімізге   тазалығымызға қатты мән береді. Бізге апта сайын әртүрлі жаңалығымен, сынып сағаттарын, әр мереке сайын мерекелік тәрбие сағаттарын өткізеді. Апайымның бойынан сыпайылықты, адамгершілікті және сабырлылықты байқадым. Мен өз мұғалімім Орынкул Досмағанбетқызын мақтанышпен айт аламын. Апайым сабақ берумен шектелмей, суретті өте керемет салады және "Домбыра дастан"  ансамблінде  жетекшілік етті. Апайымыз енді мақала, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел жазып, ребус, сөз-жұмбақ құрастырып "Балдырған" балалар журналына жібересіңдер деп тапсырма берді. Бізге тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстазымызды ата-аналарымыз да қатты құрметтейді. Жиналыс сайын әртүрлі тапсырмалар болады, фотоға түстік, жиналыстан біраз нәрсе үйрендік деп ата-анам үйге мәз болып келеді. Бізге білім беріп және бар жақсылықты үйреткен , оқушылардың және ата-аналардың сүйікті ұстазы Орынкуль  апайым аман болса екен деп тілеймін.

        Сүйікті апайымыз біздің мәңгі ұстазымыз болып қалса деймін. Осы жыр шумағы сізге арналады.

                                           Ахат Сабина – Тассуат негізгі мектебінің оқушысы

Просмотров: 274

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст