"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын аңықтау

 

Мамандықты таңдау адам өміріндегі тағдырды таңдаумен тең. Адам кәсіби өмір жолын дұрыс таңдау, оның қоғамдық құндылығымен байланысты болып табылады. Өзінің рухани құндылығын байытып дүниеге көзарасын позитивті өзгертеді. Мұндай қасиеттегі болашақ мамандарды даярлау міндеттерін шешуден бұрын, жастар мен мектеп оқушыларының еңбекке деген позитивтік қатынастарын орнықтыру, саналы кәсіби өзін-өзі анықтау, кәсіби және әлеуметтік өмір жолын таңдау дайындығын педагогикалық үдерісте мақсатқа сай шешу міндеттері көзделеді.

Мектеп түлектері мамандықты таңдау кезеңінде көптеген мәселелер туындайды. Кейде олар қарама-қайшылық күйлердің пайда болуына алып келеді. Ата-аналар өзінің баласының болашағын ойлауында, оның сұранысы мен тілегін, пікірі мен қабілеттерін ескермей, мамандықтың әлеуметтік ортадағы мәртебесіне және жақсы табыс әкелуіне назар аударады. Оқушылардың өздері мектеп бітіру қарсаңында кәсіби өмір жолының бағытын сәйкестікте таңдамай, жиі достарының, құрбыларының ұсыныстарына және идеал тұтқан тұлғалардың тағдырына қызыға әуестенуі әсер етеді.

Мектеп түлектерінің кәсіби еңбек түрін таңдаудағы тағы бір проблема – ата-аналар мен оқушылардың мамандық туралы мәліметтерінің жеткіліксіз болуы болып табылады. Оқушылар мамандықты таңдау кезеңінде олар көп жағдайда кез-келген мамандықтың еңбек мазмұнына көңіл аудара бермейді.Осындай сәтте профориентация жағынан жүргізілген жұмысының пайдасы молынан тиеді. Себебі, оқушылардың түрлі мамандықтармен және оқу орнының оқуға түскендегі шарттарымен таныстырады. Оқушылар көптеген Университет, институт, колледждердің арасынан өздеріне үнағаның,өздерінің мүмкіндігіне келетін және  өздеріне сай оқу орның таба алады. Әрбір адамның өмірінде білім алу немесе қайда барып жұмысқа тұру сәті түскенде, оны шешу қажет етеді. Яғни, мамандықты таңдау мен өмір жолын анықтау. Қоғамның кез-келген азаматы мамандық таңдау, жұмыс түрін таңдауға құқылы. Бірақ, осы таңдау тәжірибеде кейде қиындықтар туғызады. Біріншіден, мамандықтарға қойылатын талаптар туралы адамның білімінің жоқтығы, екіншіден, өзінің меншікті қабілеттерін, қызығуы мен икемділігін бағалай алмауында. Адам өзінің өмірлік жолын жоспарлау кезінде адамзаттың мәдени өмірімен салыстырмалы түрде қатынасқа түседі. Осы міндет кәсіби өзін-өзі анықтау міндетімен түйіндеседі.

Кәсіптік өзін-өзі анықтауы – мектеп бітіруші өзінің мамандығын саналы және нақты таңдау даярлығы. Кәсіби даярлық – мектеп бітірушінің мамандықты нақты таңдауға даярлығы, орта мектепте жоғары оқу орнына түсуге дейінгі даярлығын қамтиды. Кәсіби бағдарды таңдау ең бастысы пәндік қызығуға негізделеді, яғни, білімнің немесе еңбек түрінің бір түріне.  Саланың түрін таңдау оқушының саналы қабілеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты болуы керек. Сондықтан, мамандықты таңдауда мына үш шартты сақтау қажет: оқушының пәндік қызығуымен таңдаудың сәйкес келуі; өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін түсіне білуі; өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін бағалай білуі. Оқушыларға үлкен көмек түрлі кездесулер береді.  Кездесудің мақсаты - ең қажетті мамандықтар жайлы айтып беру және оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету. Мысалы: қаладағы мектептер 9-11 сынып оқушыларын  Университет, институт және колледждерге апарады, олар кездесулер өткізіп, мұғалімдері түлектерге көптеген ақпарат пен мәлімет береді сол оқу орны туралы. Ауылды жерде оқушыларға  болашақ мамандықты тандауға сынып жетекшілері және ата-аналары көмектеседі. Мектепте сабақ кезінде, 9 сынып оқушыларымен «Сенің тандауын-сенің қолында», «Сенің  болашақ мамандығын» тақырыпта әңгімелер мен дөңгелек үстелдер  өтеді. Болашақ мамандықты тандау сабағында, оқушыларға көптеген жақын манайдағы жоғары оқу орындары мен колледждер туралы  мәлімет беріледі. Жоғары оқу орны туралы  ақпараттық  жаңалықтар жария етіледі, әңгіме сабақтар өтеді, слайд, сурет пен  брошюралары көрсетіледі.

Оқушыларды таныстырылған түрлі Университет пен институттардың атаулары:

Евразийский Университет имени Л.Н.Гумилева, Аграрный Университет имени С.Сейфуллина, Астананың колледждері:теміржол, политтех,торгово-экономический, финансовый. Кокшетауский пединститут имени Ш.Валиханова, Костанайский  пединститут, Аракалыкский пединститут Ы.Алтынсарин, Костанай колледждері, Кокшетау колледждері, Атабасарский колледж, Есильский колледж және тағы басқа оқу орындары. Профориентация бойынша, әңгімелер сабағы және доңгелек үстелдер өтеді. Оқушылар өз ойларын айтып, өз тандауларын үнаған мамандықта тоқтататынын, сол мамандақ бойынша оқып,алға үмтылады.

Қазіргі Қазақстанның жалпы орта білім беру саласында оқушылардың кәсіби өмір жолын таңдауға ықпал ететін, олардың қызығуы мен қабілеті, икемі мен сұраныстарын қанағаттандыруға сәйкес саралап және даралап оқытудың идеясы негізінде білім берудің мазмұнын жаңарта отырып, оқушылардың қоғамдық еңбек түрлеріне сәйкес мамандық түрлерін таңдауға бағытталған бейіндік оқытуды жүзеге асырудың екінші кезеңінде жоғары саты оқушылары ның кәсіби өзін-өзі анықтауы мен тәжірибеде сынау іс-әрекеттері мектептің оқу-тәрбие үдерісі жүргізіліп келед.

Ұсынысы және шешімі:

Қорыта айтқанда,  білім беру саласында оқушыларға кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру, олардың жеке дара ерекшеліктеріне негізделе отырып, дербес кәсіби қызығуы мен қабілеттері өзін-өзі анықтауға педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету, оқушылардың кәсіби таңдауын жергілікті еңбек ресурстарына бағыттай отырып, сол аймақтың еңбек нарығының  қажеттіліктерін қанағаттандыруға қарқынды, үздіксіз педагогикалық жетелеулер мен қолдаулардың құралдарын, формаларын және жаңа әдіс-тәсілдерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде өнімді қолданумен оқушы тұлғасы мен қоғамдық қажеттіліктерді тепе-теңдікте сақтай орнықтыруды мақсат етуі абзал.

 

               Дайындаған: Тассуат ауылының негізгі орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Жаманова Б.М.

Жаңартылған күні: 13.04.2023 18:06
Құрылған күні: 13.04.2023 18:07

Текст