"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби бағдар беру бойынша атқарылған жұмысының есебі 2022-2023 оқу жылы

Тассуат ауылының негізгі орта мектебінің

Кәсіби бағдар беру бойынша

атқарылған жұмысының есебі

         Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру

Мектеп бітіретін 9 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүм­кін­діктеріне қол жеткізесің.

 

Оқу жылының басында мектептегі үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізілуде: мектеп бітіруші сыныптарында стенд ілулі тұр "Қайда оқуға барасың?", мектеп сайтында "Кәсіптік бағдар" бар.

Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі. Бұл істің жүргізілуі кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте  жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.

Ата-аналармен жұмыс (заңды өкілдерімен):

 Кәсіптік бағдар берудің маңызы ата-аналармен жұмыс болып табылады.  Ата-аналар,әдетте балаларының өмірі үшін олардың кәсіби жоспарларын анықтау кезінде белсенді қатысады. Сонымен қатар, мамандық таңдаудың жолдарын анықтау, білім беру қиын тапсырманы ұсынады да өздері үшін білім алушылардың және олардың ата-аналарының пікірлері саналады. Ата-аналар жиналыстарында, мектеп бітіруші сыныптарда, жеке консультациялар - сынып жетекшілері қатысты мәселелерді көтереді маңыздылығы туралы дұрыс таңдау одан әрі балалардың білім талаптарын ескере отырып, қазіргі заманға сай еңбек нарығы туралы сөздер қозғалады. 

  Бүгін 9 сыныптарда кәсіби бағдар беру бойынша Астана, Көкшетау, Қостанай, Атбасар қалаларындағы  түрлі педагогикалық, медициналық, техникалық, экономикалықколледждер туралы мәліметтер берілді. Оқушылар аталған колледждер  туралы бейнороликтер көріп, біраз мағлұмат алды.Одан басқа, оқушыларға колледждер туралы брошюралар таратылды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Түлектеріміз болашақта еліміздің түрлі салаларында қызмет атқарып жүретініне сенімдіміз.

Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін колледж білім алушылары /студенттері/  жыл сайын аудан, ауылдағы білім шаңырақтарына-мектептерге  барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізеді. Біздің мектепке де студенттер келіп, біздің оқушылармен кездесу өткізді. Бұл студенттер-біздің мектепті бітіріп кеткен түлектеріміз. Қазіргі уақытта институттарда және колледждерде оқып жатыр. Біздің мектеп бітіруші түлектерімізге-9 сынып оқушыларына мамандықты тандауға онай болу үшін, студенттермен осындай кездесуді үйымдастырдық. Мектеп оқушыларына колледждің материалды – техникалық базасы мен тарихы туралы, факультеттердің түрлерін үсынып, мамандықтардың таныстырымы ұсынылады.

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

 

Жаңартылған күні: 13.04.2023 18:16
Құрылған күні: 13.04.2023 18:16

Текст