"Ақмола облысы бiлiм басқармасының Жарқайың ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Тассуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение"Основная средняя школа села Тассуат отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тассуат негізгі орта мектебінің Чернобыль АЭС-індегі ядролық апаттың 35 жылдығына арнап өткізілген іс-шаралар кешенінің ақпараты

29.04.2021

Тассуат негізгі  орта мектебінің

Чернобыль АЭС-індегі ядролық апаттың 35 жылдығына

арнап  өткізілген іс-шаралар кешенінің ақпараты

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес, барлық білім беру  ұйымдарында Чернобыль АЭС-індегі ядролық апаттың 35 жылдығына арналған іс-шаралар өтілу қажет. 26 сәуірде, Чернобыльдің қайғылы апатының болғаны туралы, онкүндік аясында көптеген түрлі тақырыптық іс-шаралар барлық сыныптарда белсенді өтілді.

«Чернобыль - қайғылы  оқиға, ерлік, ескерту» Чернобыль АЭС апатын жоюшылардың қатысуымен бірыңғай сынып сағаттарын  1-9 сыныптарда  өткізгендер сынып жетекшілері. Барлық сыныптарда сынып сағаттары слайд, кітап, суреттер, баяндамалар арқылы өтті. Мазмұны:1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты. Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті.  Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз. Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толады. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды. Чернобыль-Украинадағы шағын қалалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді. Апатты жағдай бәрін бұзды.

«Чернобыль балалардың көзімен» атты 1-4 сыныптарда сурет көрмесі өтті, сынып жетекшілері өткізгенді.

«Чернобыль мәңгі жадында қалатын ауырсыну» әдеби-танымдық сағаты 5-9 сыныптарда тіл мамандары өткізді. Мазмұны:     Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді. Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім.

Чернобыль апаты туралы кітаптардың, жарияланымдардың тақырыптық көрмесін 1-9 сынып оқушыларына арнап кітапханашы өткізді. Түрлі  кітаптарды, журналдарды,газаттерді ұсынды.

«Чернобыль-жалпы ауырсыну және трагедия» ақпараттық сағатын 1-9 сыныптарда өткізгендер сынып жетекшілері. Оқушылар өздеріне көптеген  ақпарат пен мәлімет бұл  тақырыптық сабақтан алды. Мазмұны: 1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан. Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты. Қазақстандықтардың ерліктерін ешкім ешқашан ұмытпайды.

«Чернобыль трагедиясы» еске алу кешін  5-9 сыныптарда . Қысқаша мазмұны: Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына ширек ғасыр өтті. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.
Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды.
 

 

 

 

 

 

Просмотров: 183


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст