Мақсаты:
Көрнеқілігі:
Әдісі:
Кездесу, әңгімелеу.
Барысы:
а. Соғыс, жеңіс, бейбітшілік ұғымына тоқталу.
3. «Менің атам-майдангер»
а. Оқушылар өз аталары жайында әңгіме айтады.
4. Майданда туған мақал-мәтелдер.
5. Қорытынды.
Мұғалім:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы жеңіске 75 жыл толуына байланысты «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» деген атпен өткелі отыр.
Осыған орай сендер бірнеше сұрағыма өз жауаптарынды беріп көріндер.
Кеңес бюросы:
Қымбатты бауырлар, 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады. Ол бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Бірақ олай болмақ емес! Біз жеңеміз, әділет әрқашан жеңбек. Фашистерге өлім келсін! – деп хабарлады.
Мұғалім:
Ағылған халық, Отан үшін жауға қарсы күреске жіберуін сұрады. Кәрі де, жас та, қыздар да, аналар да, әскерге іліккен жастарды шығарып салуда.
Хормен.
Ән «Священная война».
Оқушы:
Егер Отан бұйырса,
Сол Ерлік істерді-
Бәрі хормен: Қайталаймын тағы да,
Қайталаймын тағы да.
Мұғалім:
75 жыл. Сонау сұрапыл басталған шақта дүниеге келген сәбилер бұл
күндері жетпісті еңсерген ел ағалары. Әйтсе де сол қасіретті жылдар жыл сайын қайта жаңғырып өткенді еске салады. Сол жаңғырық бүгінгі жеткіншек ұрпақты бейбітшілікке, патриотизмге үндейді.
Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25 миллионнан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.
Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкілерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті.
Қазақстаннан құрылған әскери девизия басты жерлерде соғысты. Иван Васильевич Панфилов басқарған атқыштар девизиясы сол бір ауыр күндерде ерліктін ерен үлгісін көрсетті. 28 панфилофшылардың 23-і қаза тапты. Оның 22-сі қазақстандықтар еді. Ленинград, Сталинград, Курск шайқастары сияқты соғыс барысында елеулі өзгеріс әкелген ұрыстарға қазақстандықтар белсене араласты.Тендесі жоқ ерлігі үшін 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар-екі рет батыр атағын алған Т.Бигелдинов, Н.Әбдіров, шығыстың қос жұлдызы, бүгінде жырға қосып жүрген «Ерліктің қос қанаты деп білемін, аяулы Әлия мен Мәншүгімді» деген батыр апайларымыз және Қ.Қайсенов, Б. Момышұлы сынды ержүрек батыр ағаларымыз еді.
Оқушы:
Отан-Ана жылағанда шерленіп,
Табжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық» - деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Хормен.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін».
Мұғалім:
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы
халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да
ұмытпақ емес. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Ендеше, соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер-азаматтарды бір сәт үнсіз еске алайық!
Оқушы:
-Ей, адамзат! Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлерді үнсіз тұрып, еске алайық!
1 минут үнсіздік. Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады.
Оқушы:
Біздің жастық шақ ажалмен айқасты,
Бақытты бүгінгі күн үшін.
Оқушы:
Біздің жастық шақ солдат боп,
Котелок ішінде үнілді.
Оқушы:
Тар кезенде садақ болып,
Біздің жастық шақ бүгілді.
Оқушы:
Біздің жастық шақ қан болып,
Біздің жастық шақ бүгілді.
Оқушы:
Біздің жастық шақ қан болып,
Мандайдан төгілді.
Оқушы:
Біздің жастық шақ жалау болып,
Бәрі: Берлинге тігілді!
Мұғалім:
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, аруақтарына бас иеміз.Ер есімі-ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Кезек оқушыларға беріледі. Оқушылар өз аталары жайында әңгіме айтады. Тылды еңбек еткен аналарға тоқталу.
«Менің атам-майдангер».
Мұғалім:
Майданда туған мақал-мәтелдер.
Жүректілік-жігіттің қасиеті.
Дақыл шықпас жер жоқ.
Батыр гүрілдеп өтеді.
Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Бал құрақ-жердің сәулеті.
Ел үшін өледі.
Мұғалім:
Азамат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 75 жыл уақыт өтті. Әрине, Ұлы Жеңіс бізге онайшылықпен келген жоқ. Оған 35миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы құрбан болды. Қазақстандықтар бұл сында қаһармандық көрсете білді.
Оқушы:
Сүйінші елім, сүйінші!
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді.
Оралды ерлер көңілді,
Десендер бұл қай күні?
Хормен:
9 май күні.
Оқушы:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Өзі туған халқының өнерін қорғады.
Ақ сүтін берген анасын қорғады,
Ақ самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Оқушы:
Нұрлы жеңісті іздедік,
Қараңғы түндерден.
Іздедік жеңісті,
Күнімен, түнімен!
Ән «День Победы».
Мұғалім:
Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Әркімнің өз жері жұмақтың төріндей ыстық, жақын болмақ. Сондықтан осынау кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету мына біздің қолымызда. Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын. Елімізді ардақтап, жерімізді аялап өтейік!
Ақмола облысы
Жарқайын ауданы
«Тассуат негізгі мектебі» КММ
«Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады»
тәрбие сағаты
өткізген: тәрбие ісінің меңгерушісі Жаманова Б.М.
Песня «Пусть всегда будет солнце»
Солнечный круг, небо вокруг
Это рисунок мальчишки
Нарисовал он на листе
И подписал в уголке
Припев:
Пусть всегда будет солнце
Пусть всегда будет небо
Пусть всегда будет мамам
Пусть всегда буду я.
Песня «Священная война»
Вставай, страна огромная
Вставай на смертный бой
С фашистской силой темною
С проклятою ордой
Припев:
Пусть ярость благородная
Вскиапет как волна
Идет война народная
Священная война.
Песня «День Победы»
День Победы
Как он был от нас далек
Как в костре потухший таял уголек
Были версты обгорелые в пути
Этот день мы приближали как могли
Припев:
Этот День Победы
Порохом пропах
Этот праздник с сединою на висках
Это радость со слезами на глазах
День Победы, День Победы, День Победы.
Здравствуй, мама!
Возвратились мы не все
Босиком бы пробежаться по росе
Пол Европы, прошагали пол Земли
Этот день мы приближали как могли.